Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  99


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Желдер есіп...

Желдер есіп,
Құмдар көшіп,
Жер өзгеріп кетеді.
Айлар ырғып,
Жылдар зырғып,
Өмір зулап өтеді.
Қайда арын,
Қайда жалын,
Уақыт, шіркін, не етеді?
Ту құр аттай,
Күн құрғатпай
Сүйрер өмір жетегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу