Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
116
НӨСЕР
Бұлтты аспанда нажағай,
Шатырлата жөнелді.
Жерде жаңбыр "би билеп",
Сатырлата жөнелді.
Құйды нөсер шелектеп,
Бұлт "арқасы" құрыстап.
Төгіп-төгіп алды да,
Тұрды бір сәт тыныстап.
Бұлт пердесін көк аспан
Айқара ашып тастады.
Күн нұрымен құлпырып,
Дала күйін бастады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter