Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
95
ЖАҒАДА
Барады желдер алысқа айдап,
Аққудай аппақ бұлттардың көшін.
Тәкаппар жартас шегеді айбат,
Толқынға карсы кереді төсін.
Теңіздің үстін көп кезіп шырқап,
Шағала шіркін, қанаты талды.
Шапшиды көкке бұрқ-сарқ бұрқап,
Тулайды толқын ақ бұйра жалды.
Сілкініп дүр-дүр, қанатын қақты,
Балапан қыран басынан қырдың.
Толқынның күшін сұрапыл қатты,
Құйсам деп жырға, жағада тұрмын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter