Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
131
Ағаның анты
-Мен енді арақ ішсем
Бала шағамның қызығын көрмейін!
Жалпы мен уәде бермейім,
Берсем – орындаймын.
Кешке жұмыстан шығысымен
Үйге кеп ұйықтап, қорылдаймын.
Бас ауырмақ түгіл сынып кетсе де
Енді арақты жоқтамаймын.
Ешкіммен жанжалдасып, төбелеспеймін,
Ешкімді боқтамаймын.
Бәрі сол итҚу арақтың қырсығы!
Сені де ренжітпеймін,
Шай құйшы, бір шыны...
Бұл бағана ертеңгісін
Жеңгейге берген ағамыздың анты.
***
Кешке көрсек тағы да...
Көзі- көкпеңбек, мұрны – манты...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter