Өлеңдер ✍️
Таба алмай қалды
І
-Мәдени ескерткіштерді
Көп болып қорғау керек.
-Жан-жағын қоршап,
Аулалап,торлау керек.
-Бұған ат салыспайтын
Бірде-бір адам болмау керек!-
Деп бір селолық Совет мәжілісінде
Депуттаттар талап қойды.
Председатель: «Дұрыс»-деп
Бухгалтеріне қарап қойды.
Ал бухгалтердің басы төмен құлап:
-Ондай қаржы бізде бірақ
Қаралмаған еді,
Райфинотдел жыл басында
Бұл жөнінде шара алмаған,-деді
Депутаттар сенді.
-Финотделден сұрау керек енді,-
деген шешімге келді.
Әйтеуір жақсы үмітпен
Тарасып кеткен еді...
/Бұл көгілдір көктем еді/.
2
... Жаз өтті. Сары күз.
Тағы өтіп жатыр мәжіліс.
-Жолдастар!
Уақыт озып бара жатыр,
Ал,мәдени ескерткіштер болса
Көз алдымызда тозып бара жатыр.
-Қолға алу керек.
-Жөндеу керек.
-Кейбір сыры кеткенін бояп,
Әшекейлеп өңдеу керек!..
Бұл өзімізге таныс
Депутаттар талабы.
Председатель көктемдегеніше
Бухгалтеріне қарады.
Бухгалтер орнынан тұрып:
-Біз финотделге кіріп
Бұл жөнінде сұрадық,
Бірақ биылғы қаржы құрып...
Кеткен екен. Бұл-анық.
Енді, тегі...
Келер жылы көрерміз,-деді
Азын-аулақ
Қаржы бөлерміз,-деді.
3
... Қыс.Әлдебір «себептермен»
Қаржы тағы қаралмай қалды.
4
... Жаз. Қаржы қаралғанмен...
Мәдени ескерткіштердің орнын
Ешкім таба алмай қалды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter