Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
168

ТҰЩЫҚҰДЫҚ
Тұяғы кем кәрі аттаймын
Тастақ жерді жаратпаймын...
Құмда ойнаған баладай-ақ
Жүргім келеді жалаңаяқ...
Көсік-жуа дәмін алып,
Құмаршықтың дәнін алып,
Батпалармен* жымыңдасып,
Сары селеумен сыбырласып,
Ата-бабам ізін басып,
Туған жердің құмын басып
Тұщықұдық барғым келді,
Құшағыма алғым келді!..
Бұл мекенде – жалындаған
Қарт Сәттіғұл дамылдаған...
Ізтұрғаным*- қақпан белім,
Мамық болсын жатқан жерің!..
Ұясынан шетте жүрген,
Қартайғанша текке жүрген,
Сені іздеген балаң едім
Денсаулыққа алаң едім...
Сынық мүйіз серкедейін
Сүйкенейін, еркелейін!..
Алтын құмға үйір күнім,
Оралсаңшы, құйын – күнім!..
Шығарсаңшы «күшті» қылып,
Өзің емде, Тұщықұдық!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇