Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
162

ДОМБЫРАНЫҢ ЕКІ ІШЕГІ
(Орын Құлсариевке)
Кетсе – бірге кетіседі...
Жетсе – бірге жетіседі!..
Бірі қатты, бірге тәтті –
Домбыраның екі шегі!..
Екі шектей сабаласып –
Ғұмыр өтер жағаласып!..
Жылдар емес – біткен іспен
Өлшенеді ара қашық!..
Қолында оның тұр домбыра,
Көп тартылған жыр-домбыра...
Ұрпағына сазы қалса –
Болмағаны құр домбыра!..
Күймен жаулап өмір-шыңды –
Маңғыстауға терің сіңді!..
Кемеліңе келіп тұрсың –
Бітік өскен егін сынды!..
Өнерді бір майдан деп ең –
Елге тисін пайдам деп ең!..-
Абыл, Есір, Өскінбайдан –
Ардағымсың қаймақ жеген!..
Жетпіс бестің* - астары бар...
Алынбаған аспаны бар!..
Орекеңді шал демеңдер –
Қазанының қаспағы бар!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter