Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
104

ӘРІ - СӘРІ
Бір уыс болып отырмын –
Кеудемде күнім ойнамай.
Мына бір жауынсымақтың –
Аңыртып мені қойғаны-ай!..
Жауған да емес – жаумаған,
Енесі оның - ала бұлт.
Қара сабадан аумаған –
Қай жақта жүрсің мама – бұлт?..
Моншағын санап тамады...
Төбелеп құйып кетпеді-ау!..
Жабыққан қартаң жүрекке –
Желді бір нөсер жетпеді-ау!..
Қызығар еді моншаққа –
Алыста қалған балалық...
Толтырсын қайдан ортамды –
Бүйірі солған шала бұлт!..
Әрі де сәрі тірліктен –
Көңілім отыр аңырап!..
Жарытпай қойған енесі –
Қозы сықылды маңырап!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter