Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
126

АЛАТАҒАНАҚ
Қартайып қар жатыр, Жер – алатағанақ.
(Жарылып кетпегей қу жүрек –қағанақ...)
Сақалым қауғадай – алынбай ай өтті,
Айнадан қарап тұр қайыршы – сабалақ!..
Ала қар сүйкімсіз – ақпанның қалдығы,
Су болып жылайды – айтатын бар мұңы...
Жел мен күн жеміріп – жер жұтып барады,
Қаратпай арғыны – уақыттың тарлығы!..
Қыс – боран өтіп ед өкпені сүңгілеп,
Қара жел тұр енді кеудені үргілеп!..
«Жазға бір жетем бе – қармен-ақ кетем бе?..»
Сұм сауал барады жанымды тілгілеп!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter