Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
111

ОЛЖА
Қанатын жайған әсем
Көктемім қайда?..»- десем...
Өтіпті «айдан – аман»,
Жетіпті «жылдан – есен!..»
Көктемім өрлей келген,
Желдетіп төрлей келген...
Ояттың сезімімді –
Жүректе өлмей келген.
Жаңбыры – ұйқыашары,
Самалы – күй шашары!..
Жібітіп тоңдарымды –
Жаныммен ұйқасады!..
Желпітіп маңдайымды.
Ашады сарайымды.
Көктем мен ақын біткен
Әуелден ағайынды!..
Кеудемнен ағылып ән,
Барады салып ұран!..
Ұрланып күн қарайды –
Бұлттардың жабығынан...
Екеуі ақырындап...
Ойнайды жасырынбақ!..
Сезім-ау көктем деген –
Кететін ақылыңды ап!..
Ақылым – Ай қараған...
Сәтімді пайдаланам!..
Көктемнен бір өлеңді –
Осылай байлап алам!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter