Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  140


Автор: Бірғали Байекеев

МҰНАЙШЫЛАР ТУРАЛЫ

Сыр бүгіп туған жердің қырқалары,
Астында қара дария бұрқанады.
Басынан мұнаралар жұлдыз саулап,
Жүзінен адамдардың нұр тамады.
Қайырмасы:
Қиындықта тыңайған,
Ырыс тартқан мұнайдан.
Мұнайшылар дегенде
Жүректерге құлайды ән.
Сіңіріп өн бойына күн жарыған,
Жүретін моторлардың тыңдап үнін.
Мұнайшы – кен орнының кереметі,
Қарасаң, бәрі батыр мұндағының.
Қайырмасы:
Мұнаймен көзін ашқан бұл ел тегі
Өткені терең тарих, жыр-ертегі.
Алда да еңбегімен жасандырар
Мерейлі мұнайшылар бұл өлкені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу