Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
95
КҮЗ
Кеңісті қоныс, жұрт етіп
Кәусардан «дәмін» татып ап,
Көкжиек жоннан жылт етіп,
Көш тартты бұлттар сатылап.
Үдере қуып шуақты
Үркітті суық-ақымақ.
Үрпінен ешкі су ақты,
Үмітсіз енді ақ лақ.
Зергер күз әбден достасып,
Зердесін бақтың жатыр ап.
Зауалын айтып қоштасып,
Зарлайды алтын жапырақ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter