Өлеңдер ✍️
Көктем, көктем тотыдайын құбылып...
Көктем, көктем тотыдайын құбылып,
Қырмызыдай гүлдеріңмен сұғынып.
Көңілімді көтергенің соншалық,
Ешкім мені болмайтындай ұғынып.
Қырқаңызда шытырыңда шығыпты,
Бидайығың келіншектей қылықты.
Самал желің қыр төсінде есіліп,
Саған деген сезімімді жылытты.
Иісіне еліткенде жусанның,
Қыста қайнақ қайнардайын бусандым.
Әлемдене береді екен апырай,
Табиғаттың кереметін жусаңмың.
Өзім озып мінілетін тайымнан,
Түн жарысып қызыныппын айыңмен.
Күн жарысып шашыранқы нұрменен.
Пейіліме ризаластым жайылған.
Көмбелектей жарып шығар жыраны,
Көңілімнің жарқыл қақты шырағы.
Осыншалық ережені бұзатын,
Көктеміңнің көптеу екен сұрағы.
Көктем!
Көктем!
Қақты көңіл қаңғалақ!
Өз-өзімді қалып тұрмын аңдамай,
Әттең мезгіл қалыбыңда тұрмайсың,
Өзіңе кеп жайғасарем таңдамай.
Сол арада болмас еді дау -дамай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter