Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
93
Кердиіп неге ісесің
Кердиіп неге ісесің
Жұртыңа сенде мүшесің.
Біреуі өлсе молаға,
Сен емес пе түсетін.
Болсаңда ақыл кеніші,
Бағамдайтын ел іші.
Ынтығыңды басады,
Сөзімнің солай келісі.
Түйілгесін жұдырық,
Өтеді тәнді сыдырып.
Қарайлап жүр жан-жаққа,
Шығармай елдің ығырын.
Силастық тауып тұрғанда,
Сығалап сырттан ұрлан ба.
Өмірде байыз таппайды,
Жымысқы жоспар құрғандар.
Менікі білсең ағалық,
Атысқаныңмен оқ алып.
Елге шашсаң топырақ,
Кетерің анық жоғалып.
Өтуде зулап уақытым,
Болғанның көрдім бақытын.
Жемірдің кертіп жегені,
Пақырдың адал ақысы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter