Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  81


Автор: Серікбай Бердияров

Тұрғанымен өн бойымыз түршігіп...

Тұрғанымен өн бойымыз түршігіп,
Кезегінде жасалыпты тіршілік.
Одан басқа бастыра ма аяқты
Қиыстаған қиындықтың түр-түрі.
Тағдырыңды тұсаулаған білместік,
Алдыңызда кедергі екен тіл кесті.
Төрткіл дүние тұрмағасын уыста,
Ашық-шашық есік екен ілгексіз.
Дүмбілездің басым болып салмағы,
Аттап бассаң адымдатпай алдады.
Өресіздің сабанхана тірлігі,
Шеше алмады бірақ істі алдағы.
Даладағы түк те емес көргенің,
Өзің жуып, өзің жайған жөргегін.
Ағайының қарсыласың болғанда,
Рәсуа екен шіркін сенің тергенің.
Әке сенің айтқаныңа малданып,
Кескілесер туралықты таңдадым.
Сыңаржаққа сыбаға деп отырмын,
Орта жолда ізі ғайып қалғаны.
Өлімге де кетті бірде пейілім,
Кейін-кейін ашу бұлты сейіліп,
Ыждақаттап нақты іске кірістім,
Қажетіне жарасаммен елімнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу