Өлеңдер ✍️
Көңілдерге тереңірек үңілмей...
Көңілдерге тереңірек үңілмей,
Адамилық қатынастан түңілме.
Тауда таста мезгіліне тәуелді,
Не боларын кім біледі түбінде
Сөз де керек,
Көз де керек көретін.
Өзгелердің бағамдайтын өресін
Байламыңмен қол созасың биікке,
Жоспарыңыз іске асқан төреші.
Өте қиын,бас білдіру асауға.
Тірлік керек тиістіні жасауға.
Мықтылықты қаусататын тіс керек,
Жүрек керек,ағыл тегіл босауға.
Бәрі керек жоқтан өзге демейсің.
Ала алсаң ауқымыңды кеңейтіп.
Өмір заңын талпынасың сақтауға,
Ештеме жоқ мініп алып жөнейтін.
Есігіңді аштырмайды жел жауып.
Ойда жоқта келтіреді сел қауіп.
Мықынның да ұстамауы ықтимал,
Қысатұғын болмай қалса белбауы.
Тіршілікке болмашы деп қарасақ,
Тамашадан құр қаласыз ара сап.
Кете берсе сол қалпынан танбастан.
Артылатын қиындығы орасан,
Ар жағының құрылымы талапай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter