Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  88


Автор: Серікбай Бердияров

Тоғышарлар доңыз етін жемесе...

Тоғышарлар доңыз етін жемесе,
Тынышыңа жүрмес едің сен есен.
Қорадағы жандығыңды тарқатып,
Сорар еді қаныңызды кенеше.
Тоғышардың тоқтығынан жүргенің,
Ең бастысы беріктігі іргенің.
Адамдардың санатында жүрген көп.
Ойсыз күйсіз добыңыздай үрмелі.
Көрші,көрші,мемлекет,жанұя
Көз салады алдыменен наныңа,
Мал жаныңның көрінгесін қарасы,
Кіріседі басып алу қамына.
Құтылуың оңай емес пәледен,
Жамандықтың түп-тамыры әріде.
Күштілердің арты диірмен тартады,
Дейтін еді төсек тартқан қары әже.
Қарабайыр қазақылау мысалмен
Сөйлейтінді қарт әжеміз нысанмен.
Білемісің дейді және көзсіздік,
Жақпағанды кеңірдектен қысам деу.
Біреу күлсін,біреу үшін пәлсапа.
Білігіңіз түскен абзал алқаға.
Неге әже соншалықты таусылды,
Деген сұрақ ортақтайын баршаға.
Көзден ғайып болған жайлар қаншама?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу