file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  146


Автор: Серікбай Бердияров

Ауыл баласы…

Ауыл баласы…
Ғайыптан тағы жолықтық.
Бітпейтін қандай,
Күтпейтін қандай”жорық”бұл?
Сығалай сынап,
Сыпайы сөйлеп тұрсаң да,
Сырыңа сенің,мұңыңа сенің қанықтым.
Кетпесең тағы жатырқап,мүлдем жат болып,
Кезегі келсе сөйлеймін мен де баптанып.
Керімсал күндер,
Өрімтал күндер кешегі
Санамда жатыр сақталып,әрі қатталып.
Елең етесін,
Өлең етесін әр жайды.
Балалық шаққа бәрібір көңіл қанбайды.
Тапқаным есте талайғы арман-бақытты.
Соққаным есте жартасқа келіп маңдайды.
Білемін,сезем,көңілің жомарт жан досқа,
Бүгінде,әттең,махабат басқа,ән басқа…
Сен даладасын мен қаладамын қатыкез,
Қайдан оралсын қайырлы күндер марқасқа.
Ауыл баласы,
Тонымның ішкі бауындай,
Жүрегім елде,
Тіреуім сенсің тауымдай.
Өзіңді көрсем,балалық кезді сағынам,
Желдетіп өткен,
Селдетіп өткен жауындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу