file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  132


Автор: Серікбай Бердияров

Балам,сені жұмсасам сенім артып...

Балам,сені жұмсасам сенім артып,
Адам болсын дегенім еліне артық.
“Еңбек етсең,ерінің қимылдайды”,
Деп аталар кетіпті емін айтып.
Бәрін,бәрін тапсырам саған енді;
Мына жерді,ақ айдын-ана көлді,,,
Қатарыңнан,теңіңнен асып тусаң,
Қаймықпастан тапсырам тамам елді!
Қолдаушың мен көбейсін қосшыларың,
Өз арыңдай көре біл достың арын.
Айтты-айтпады демегін,әлі талай
Тіршіліктің татарсын ащы дәмін…
Болмашыға тарылып,бүлінбегін,
Болмашыға бүкшиіп,бүгілмегін.
Бармағыңа бақ қонсын десең,балам,
Қармағына өсектің ілінбегін.
Жанның бәрі демейді жаман болам,
Жай-күйіңе жайым бар алаңдаған,,,
Сағат тілі төрдегі тоқтамасын,
Бәрін,бәрін тапсырам саған,балам!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу