Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  107


Автор: Серікбай Бердияров

Әуелетіп өзге елдің мақамын...

Әуелетіп өзге елдің мақамын,
Қазақстан десе болды отаным.
Шырқырайды басылымдар арналар,
Жиынына қатысқандай НАТО-ның.
Өзгелердің құрметтеймін шайырын,
Өз жерінде көрсін халқы қайырын.
Әй,дүбәрә мамансымақ жалтақбай,
Ең алдымен алсай барды айырып.
Үстіндегі азаматтар мінбердің,
Сілтеуіне елігесін кімдердің.
Отырмайсын орыныңда мәңгілік.
Одан мезет халқыңа үн бергін.
Қазақстан-жалпақ шешей отаны.
Сенбесеңіз алабажақ шапаны
Өзбектердің теле арнасын қарашы
Әшуласын сырғытып тұр шопаны.
Жағаласқан жұлмаласқан ешкім жоқ,
Өзбектерге өз тіліңде бөстің деу,
Орыстарға көшкін деумен пара-пар.
Өз жеріңде мұны ұят кескіндеу.
Мән беремін көңіл күйдің қошына,
Айтқанымнан ат тон алып шошыма,
Барлық затқа қанығуға тиіспіз,
Кезек күтпес бір мәселе осында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу