Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  90


Автор: Қалбай Әбдіраманов

НҰРДИДАР

Дүние жаңарады...
Жаңарғанда
Ескі сөз орын берер жаңа арманға.
Жас сәби қарайды үйге көзін салып,
Жаңа үйдің іргетасы қаланғанда...
Әкесі атасынан үлғі алады,
Өрімтал орман болып ырғалады.
Ісімнің бітпегенін бітірер деп,
Құдайдан тілейді адам ұл баланы!..
Немерем,сенен артық бар ма құнды,
Армандап адам болдым алдағымды.
Мен саған алпыс үш жыл жол қарадым,
Осы кеп жөндей ме деп шарбағымды...
Әжеңнің жасай беріп сәні кеткен,
Атаңның сөйлей беріп дәмі кеткен.
Жанарымды жаңартып екінші рет,
Құдайдан айналайын жарық еткен.
Хан болам десең Көктен тақ сұрайын,
Өзімде емес,ізімді жақсылайын.
Соңымды ойлап жинаған өмір бойы,
Мен саған қазынамды тапсырайын!..
Тұрса егер менің соңым рас тұрсын,
Ақын боп бірдеңелер құрастырсын.
Көбейтіп әулетімді, Һақтағала.,
Ғасырдан ғасырларға ұластырсын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу