Өлеңдер ✍️
ЕРЛIК
Мұндай тойлар шабытқа от бередi,
Қолда барын бар қазақ төккен едi.
Ұлы Абайдың жүз елу жылдығына,
Арналып керемет той өткен едi.
Бүл қазағым той десе – күш бiрледi,
Әр жүректi шарпыды ұшқын лебi.
Қанша киiз үй тiктi, мен бiлмедiм,
рас болса,
жұрт айтты. . .
үш мың дедi.
Ұлы iс тындырады ел талаптанса,
сонша үй тiгiлгенде,
қонақ қанша. . . ?
Сол тойды сәнге ораған өнерпаз ше?
үш күн ән - күй тынбаған. . . ,
таң атқанша!
Талай бiр зобалаңды шеккен мекен,
Осындай бостандыққа жеткен мекен.
Тұлпарлары аламан бәйгенi ашты,
қазақта бәйгесiз той өткен бе екен!
Бәйге аттары жүз бе екен,
жүз елу ме?
әйтеуiр, iркес-тiркес түзелуде.
Осы тойды аңсаумен таң атырған,
Талайдың көңiлiнiң мұзы еруде.
Кеттi, мiне, аттар да аламанға,
Бәрiнде үмiт:
бас бәйге ала алам ба?
Бұл жерде қаралық жоқ,
даналық бар,
бас бәйге тиедi шын жарағанға.
Аламан бойдан сабыр, ерiктi алды,
Ұлы шаң бұйраланған көрiктi алды.
Соңғы айналым. . .
ал, мiне, . . .
мәре жақын,
тұлпарлардың дүбiрi келiп қалды.
Жаныңды құдыреттi көктем өбiп,
Жан-жүйеңдi барады отпен өрiп.
Төрт тұяқтың қуаты лақтырардай,
Төрт құбыла әлемдi төртке бөлiп.
Қоздырып,
қиқулатып талайларды,
аттардың екпiнiмен дала айналды.
Жан берiп, жан алысқан тұлпарларға,
көкте бұлттар тоқтай қап қарай қалды.
Үмiт!
Күдiк!
Ойыңа қамалатып,
қас жүйрiктер келедi даралатып.
Аласұрған екпiнi дауыл болып,
Әкетердей жер шарын домалатып.
Шабандоздар
жiбердi ат басын-бек,
Тежеп қалды деп елi айтпасын деп.
Аттар да ұшты
жанкештi алапатпен,
Адамдардың меселi қайтпасын деп.
Сонау қыр да бәйгеге жатты елеңдеп,
Қалып бара жатқандар:
- Әттеген! – деп.
Жанталасып, сан тұлпар келiп қалды,
Адамдарға бiр Жеңiс ап берем деп.
От жiгерлер қайнаумен пiсiптi iшкi,
От тұяқтар заулады құшып күштi.
Жүз қадамдай мәреге қалған кезде,
Әттеген-ай. . . !
Бiр тұлпар ұшып түстi.
Қапыда ақылынан танбас дана,
Мұндайда жарқ ететiн алмас қана.
Қас тұлпардың үстiнен мұрттай ұшқан,
атып тұрды шабандоз –
жап-жас бала.
Атып тұрып, алдында айғақтардың,
Титтей ұл, жолбарыстай айбатты алдың.
Жанталаса шешiп ап ат жүгенiн,
Жаяу ұштың соңынан бәйге аттардың.
Үмiтiң жүз болған да, талап та мың,
О, керемет! Көрдi жұрт, жаратқаным,
Жап-жас бала тұлпарлар арасында,
Мәреге жаяу ұшып баратқанын.
Мәреге жүз қадамдай ғана қапты,
әр қадам тағдырыңды санамақ-ты.
Опыр-топыр тұлпарлар арасында,
құстай ұшып титтей ұл бара жатты.
Қара жер
көтерiп басын қарағандай,
жанталаса қадамын санағандай.
Қапыда жол тапқан сол титтей бала,
Ұлы бiр ерлiктерге жарағандай.
Титтей ұлға сәтсiздiк күйiгi өттi,
Тек самал жел маңдайын сүйiп-өптi.
Жанұшырған сол бала сол мәренi,
тұлпарлармен жарыса қиып өттi.
Талайдың заты да озды, аты да озды,
Бiреудiң жақыны озды, батылы озды.
Қапыда көп iшiнде сүрiнгенде,
Осы бiр кiшкене ұлдың ақылы озды.
Талай тойды өткiздi арай таң-ел,
Сан жарыста озды да талай төбел.
Сонда кiм бас бәйге алды. . . ?
ұмытты жұрт,
Ақылы озған әлгi ұлды әлi айтады ел.
Ұлы Абай – даналық қой, дара алып та,
Ондай дана қазақта жаралып па!
Бұл тойдың мақсаты да бас ию-тiн,
Ақыл мен озып туған даналыққа.
Тағзым еткен қосылып бар ғаламым,
Сол тойға әлi күнге таңқаламын.
Атаусыз қалғандығы болмаса тек,
Қапыда ақылы озған сол баланың.
Көңiл көлi сүйсiнiп қозғалады,
Танылса деп жастықтың озған әнi.
Адамнан ақылы асқан Абайды да,
Атаусыз қалдырған-ды өз заманы.
Тұлпар өлдi, шырқырап жаны кеттi,
бұл ерлiк сәтсiздiктi жарып өттi.
Титтей бала сүрiнген тұлпарының,
өр рухын мәреден алып өттi.
Бiреудiң аты оза алмай кегi кеттi,
Бiреулер көңiлiне сенiм ектi.
Титтей бала жасаған титтей ерлiк,
Сол жолы күллi адамды тебiренттi.
Көңiлдi жыр кернедi төкпектердей,
Көк мұзға гүл-үмiттi көктеткендей.
Ертегiден жүгiрiп шыға келiп,
Сол бала тұлпарыңмын деп кеткендей.
Әттең. . . ,
оның тұлпары өлiп кеттi,
жас бала сонда-дағы берiк кеттi.
Көз жасы моншақтай кеп, мәре қиып,
ертегiге қайтадан енiп кеттi.
Жастық пен ерлiк деген - қос қанатың,
Қос қанат шығарады аспан атын.
Әлемге әйгiленген ұлы ерлiктер,
Осындай титтейлерден басталатын.
Сол ер лік аңыз болып жыр тапты ерек,
Жас баланың есiмiн шырқатты ерек.
Сүрiнiп кете қалсаң, осы ұл сынды
iсiңдi ала жүгiрер ұрпақ керек.
Ерлiктер өшпей есте қалады ерек,
Уақыт өзi аршып бiр алады елеп.
Халық талай ерлiктi туғызады,
Тек соны бағалайтын Дана керек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter