Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
126
МАҢҒЫСТАУЫМ
Әр қыстауын
Тарих қып жаратқаным,
Маңғыстауым –
Күллi әлемдi өзiне қаратқаным.
Аңызы бар iшiнде қауғаның да,
Түйелердiң iзiнде маң-маң қылық.
Қайсар гүлдер өседi тауларында,
Тастарды таңқалдырып.
Ебелектiң етегi бүгiледi,
Жиналсақ,
Бiз де орман құраймыз деп.
Тоқтамастан құйындар жүгiредi,
Тоқтасақ құлаймыз деп.
Тағдырына шынығып мұз қарыған,
Жұлқылап оятады тектi желi.
Маната тау өзiнiң құздарынан,
Пойыздарды арқалап өткiзедi.
Ал халқы ше?
Өзiнен қонағы көп,
Салтын бұзбай келедi аялы елiм.
Қазақ деген осындай болады деп,
Көрмелерге апарып қояр едiм.
Апарып қояр едiм,
Көрмелерге сөйлейтiн өңге тiлде.
Тұрар едiң нұр ойнап келбетiңде.
Әттең,
Сен сиятын көрме жоқ жер бетiнде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter