file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  132


Автор: Темір МЫҢЖАС

БІР БАЛА

Ол ақылды әрі көркем бала еді,
Биіктерге жету еді талабы,
Мұны байқап қырсық түсті соңына,
Артты содан өмірінің әлегі...
Ұмтылса да бейне қайтпас сарбаздай,
Қырсық қаптап шыға берді ормандай,
Бірі итеріп, бірі шалды аяқтан,
Құлады ол, жолы қалды жалғанбай...
Адалдықтың, әділдіктің жақыны,
Адамның да жарқылдаған батылы
Еді ол бала, сүйінішін таппады,
Ажал болып қырсық жетті ақыры...
Қалмағандар қыр соңынан қырсығып,
Демеңіздер: “Енді, міне, тыншыдық.”
Тынымыңды алатындай күні ертең
Қараша үйден қара бала жүр шығып..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу