Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.07.2022
203
Шіркін, менің даламның ауасын-ай...
Шіркін, менің даламның ауасын-ай,
Жанға шипа, жүрекке дауасы бай.
Көлбеңдеген қиырға көз тастасаң,
Дала тектес таусылмас табасың ой.
Қол бұлғайды қыз етек қырқаларым,
Әр шоқыдан шежіре-сыр табамын.
Бозторғайлы бозаң қыр – туған дала,
Сенсің менің айтар жыр, шырқар әнім.
Шуағына даланың шомыламын,
Мауыт түнін көрпе ғып жамыламын.
Өйткені, мен түзде өскен тағыдайын,
Көрмей жүрсем, даланы сағынамын.
Сағынамын, ұзасам жабығамын,
Дала – үйімдей, аспаны – шаңырағым.
Менің алтын қазығым – о, туған жер,
Қастер тұтып, өзіңсің табынырым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter