Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  134


Автор: Темір МЫҢЖАС

МӘҢГІ

Тобын құрып, туын тігіп сан қауым,
Өршіткенде дұшпандардың айтағын.
Амандықпен атсын дедім әр таңың,
Қайран жұртым, Қазақ елі-байтағым!
Анашымның әлдиінен есіткен,
Ақ сүтімен қанға сіңген бесіктен
Сендік тілдің әр қадамын дәт тұтып,
Бірге онымен келемін мұң кешіп мен.
Қысқан кезде замананың құрсауы,
Ақыл-ойдың керек кемел шырқауы.
Кезің келді елдігіңді ойлайтын,
Бөрі байрақ ер түркінің ұрпағы.
Кезің келді, бағытыңды оң ұстан,
Қайсарлықты қару ғып ал, намыстан,
Бүгінгідей жадау күйден арылып,
Қазақстан болсын десең Бақстан!
Жайыңды ойлап, өзімді-өзім қажадым,
Сен мұңайсаң, төмен түсті назарым.
Бақытым сол – сенің айдай ажарың,
Жаса, мәңгі, туған халқым, қазағым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу