Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  118


Автор: Төлеген Жанғалиев

Құлжа

Асығамын, ал сонда, қайда асығам,
Артта боран ұйтқыған, алда тұман.
Мен де бір кәрі құлжа сияқтымын,
Мергенге тап болатын тау басынан.
Үйірі үйіріліп сайда қалған,
Оны да жас арқарлар жаулап алған.
Кәрі құлжа кәдімгі адам сынды,
Тастан құлап өлуге тауға барған.
Құзар шыңға шыққан соң тұяқ талып,
Бір өзі бір құдірет сияқтанып.
Секіріп кетеді екен терең сайға,
Ай мүйізін аспанға бір-ақ қағып...
Қарт құлжадан ащы мен тұщы жеген,
Қайтпас намыс, қажыр мен күшті көрем.
Жалғыз тісті жағына тіреу қылған,
Қарттықтың тірлігін қой итшілеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу