Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  174


Автор: Төлеген Жанғалиев

Қиыннан қиысатын сөзді жаңа....

Қиыннан қиысатын сөзді жаңа,
Таппадым, таба алмаймын, енді баба.
«Өлең сөздің патшасы» өзің құсап,
Өлең жаздым дей алар қай ғұлама?!
Айтылмаған сөз де жоқ, сізден қалған,
Айтып бәрін кетіпсіз бұл жалғаннан.
Соны оқып, түсініп, ұқпаған соң,
Сорлы жұртың болмайды милау қайдан?!
«Болмасаң да ұқсап бақ» деп едіңіз,
Ұқсау қайда, ұп-ұсақ дерегіміз.
Абай болып ойнаған әртістердей,
Ажары бар, жаны жоқ өлеңіміз.
Дей тұрғанмен бағым да, сорым да өлең,
Сол ұғады жанымды зар илеген.
Алламыз алда қанша ғұмыр берсе,
Өзің салған өнердің жолында өлем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу