23.07.2022
  215


Автор: Көмек Ыбрайұлы

ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА атты сценарий

 


Көңілді музыка ойналып жатады. Балалар қол ұстасып залға енеді.


Олар жасыл шыршаны айналып «Жаңа жыл жырын» шырқайды.


 


Жүргізуші:

Балалар, қош келдіңіздер! Көңілімізді көтеріп, ән салып, би биледіңіздер! Рахмет! Жаңа жылды қатты сағыныпсыздар. Солай ма?


 


Балалар:

Иә, иә... қатты сағындық!


 


Жүргізуші:

Балалар, қадірлі қонақтар, ата – аналар! Біз көптен бері жаңа жыл мерекесін күтудеміз. Құдайға шүкір, еліміз өркендеп, экономикамыз дамып, қарыштап алға басып келеміз. Келе жатқан жаңа жыл да бізге жақсылық әкелсін! Мереке


 


құтты болсын ендеше! Қане, балалар, енді бәріміз өз орындарымызға жайғасамыз.


 


Балалар орындарына отырады.


 


 


Жүргізуші:        Бүгін таң да атқан сын – ды арайлы,


Қар басыпты аппақ мақта маңайды. Жаңа жылды қалыппыз ғой сағынып, Өткізіппіз талай апта, сан айды.


 


Біздің арамызда ақын ағамыз (апамыз) жаңа жыл мерекесіне арнап, өзінің жыр шумақтарын дайындап келген екен. Бұл өлең жаңа жылымыздың


«беташары» болсын!


 


Ақын ортаға шығып, өлеңін оқиды.


 


Жаңа жылда


 


Қош келдің, сағындырып жаңа жылым, Бұрынғыдан өзгеше дала бүгін.


Күміс күлкі шашырап әр аулада, Нұр сіміріп жатқандай қала, қырым.


 


Аппақ қар тауды тасты қырларды ұрлап, Ақындар жатыр өріп жырдан шумақ.


Ыза боп азу тісін шықырлатып, Сары шұнақ аяз да тұр қалшылдап.


 


Тау асып шың үстіне шөкті күн де, Даланы қараңғылық өпті мүлде.


Жуасып, көтерілмей жатыр «еріп», Мұржадан тулап шыққан көк түтін де.


 


Көшеде абыр – сабыр, жанды шамдар, Күй күмбірлеп, шалқытты әнді ұландар. Масқарампаз күлдіріп, зыр жүгірді,


Ас ішпеді кешкілік бал құмарлар.


 


Уақыт мейіріммен үндесе ме, Ойыншық шыршаларға күнде өсе ме? Баяғы ертегінің кейіпкері,


 


Бәрі де біздің бүгін жүр көшеде.


 


Көңілді тұрып тұрып едік азанда анық, Арқаланып қайттық біз базар барып.


Бүгінгі жұрт кеткендей жомарт болып, Жұрттың бәрі кеткендей ажарланып.


Өтер – ау басқа көш те, басқа таң да, Биледі барын салып ақсақал да.


Деп тұр ол: сирек келер қонақтар ғой, Мәз болсын Аяз ата, Ақшақар да!


 


Балалар қол соғып, шулап, көңілдерін білдіріп жатыр:



  • Жарайсыз, ақын аға!

  • Жаңа жылды бізбен қарсы алыңыз!

  • Рахмет!


 


Жүргізуші:

Балалар, ақын аға құрметіне ән шырқап жіберелік!


 


Ән орындалады.


Жүргізуші:

Мерекемізде Аяз ата, Ақшақар, Барыс, Қоян болмаса жаңа жылдың сәні келмес еді. Солай ма, балалар?


 


Балалар:

Иә, иә... олар қайда жүр екен?


 


Жүргізуші:

Олармен кездесу үшін «ертегілер еліне» саяхат жасайық, балалар! Ән айтсақ, көңіліміз көтеріліп, жолымыз қысқармақ. Ендеше, ән айтайық!


 


Балалар ән шырқайды.


Залда көңілді музыка ойналады. Залға Спандж Боб енеді.


Музыка ырғағымен қимыл жасап, балалардың жанына келеді.


 


Спандж Боб:

Есенсіздер ме,балалар!


 


Балалар:


  • Сәлеметсіз бе!

  • Аман саусыз ба?

  • Халіңіз жақсы ма?


 



  • Қазақ тілінде сөйлей алады екенсіз!


 


Спандж Боб:

Иә, балалар, қазақ тілі түркі тілдес елдердің ішіндегі ең әдемі, әуезді тіл. Сондықтан аз уақыттың ішінде меңгеріп алдым. Ал біздің ағылшын тілі – дүниежүзілік тіл ғой. Жарайсыңдар, балаларым, сіздердің жарқын жүздеріңізді көріп қатты қуанып қалдым. Бірақ мен араларыңнан Қоян досымды көре алмай тұрмын.


 


Балалар шулап:


  • Досыңыз біздің арамызда!

  • Арамызда отыр!


 


Қоян: Иә, иә... мен де достарыммен біргемін!


 


Қоян алға жүгіріп шығады.


Спандж Боб таңдана қарап:

Оу, Қоян досым – ау, құлпырып кетіпсің ғой, түге!


 


Қоян:

Рахмет! Рахмет! Ел ықыласына бөлену деген осы!


Кепшік, дабыл қағылған итарқы музыка үні естіледі Қисаңдап, аяғын шалыс басып, қарақшы көрінеді.


Бет – аузын жүн басып кеткен. Мойнында дүрбі, бір аяғында бәтеңке, екінші аяғында қонышы жыртылған етік.


 


Қарақшы тілін жалаңдатып, отырғандарға дүрбісімен қарайды.


 


Қарақшы:

О, мін – не керемет! Тіпті балалар да осында екен ғой. Мен таба алмай ойдан, қырдан іздеп...


Дүрбісін бұрайды.


 


Мәссаған, Қоян да Спандж Боб та осында екен ғой.


 


Бір бала:

Біздер жаңа жылды қарсы алмақпыз. Ән саламыз, билейміз!


 


Қарақшы (таңданып):

 


Е – е – е солай деңдер! Ендеше бұл менің жүретін жерім екен. Мереке бірге болсын!


 


Спандж Боб:

Бұл жерде саған орын жоқ. Сен мерекенің шырқын бұзасың!


 


 


Қарақшы:

Спандж Боб, сен ақылды, мейірімді, ақ көңіл жан едің ғой. Мен ант етем, ойын – сауықтарыңды бұзбаймын. Рұқсат етші қалуға!


 


Спандж Боб:

Балалар, бұған қалай қарайсыңдар!Қарақшының аты қарақшы емес пе? Ойынның шырқын бұзса...


 


Балалар:


  • Келіселік!

  • Ант етіп тұр ғой!

  • Бірге тойласын!


 


Қарақшы:

Рахмет, балалар! Қандай ақылдысыңдар, қандай бауырмалсыңдар сендер! Ойындарыңа мені де қосыңдар!


 


Жүргізуші:

Қане, балалар, көңіл көтеру үшін ойын ойнап жіберейік!


 


Жүргізуші балаларды екі топқа бөліп «Кенгуру» ойынын өткізеді.


 


Ойын ережесі:


Балалар допты тізелерімен қысып шыршаны айналып жүгіруі керек. Басты шарты: допты түсіріп алмау керек. Допты түсірмей шыршаны айналып шықса, сол адам жеңімпаз.


 


Спандж Боб:

Біздің елде – Англияда шыршалар биік, әрі әдемі өседі.


 


Қарақшы:

Ал, біздің шыршалардың қасиеті өте қызық – ақ. Бір жағында ойыншықтар өссе, екінші жағында алма, алмұрт, гүлдер өседі. Спандж Боб: Қойшы, ей, рас па?


 


Спандж Боб шыршаның арғы жағына айналып кетеді.


 


Қарақшы қоянның желкесінен ұстап:

Сенің етіңді жемегелі қай заман! Мұндай ұрымтал сәтті пайдаланып қалуым керек.


 


Қарақшы қоянды жібермей шырша маңынан жылыстай береді.


Қоян:

Құ – құ – құт – қар – ыңда – ар! Құтқарыңдар!


 


Қарақшы (сұқ саусағын ерніне апарып):

Тш – ш! Ақымақ болма, қылиым! Өшір үніңді! Спандж Боб естіп қалмасын!


 


Қарақшы қоянды желкесінен қысқан күйі есіктен шығып үлгереді.


Спандж Боб жете алмай қалады.


 


Спандж Боб:

Әй , алла – ай! Енді не істесем екен?


 


Жан жағына қарап, айқайлайды.


Батырлар, қайдасыңдар! Иә, аруақ!


 


Дабыл соғылып, ортаға батырлар шығады.


 


Батырлар:


  • Қане, қане!

  • Не бұйырасыз!


 


Спандж Боб:

Әлгі сенім білдірген қарақшымыз қоянды зорлықпен алып кетті.


 


Биылғы жыл – Қоян жылы. Онсыз жаңа жыл мерекесі өтпейді. Қоянды қалайда құтқаруымыз керек.


 


Батырлар шыға жөнеледі.


Спандж Боб: Балалар, қоянды құтқару үшін Аяз атаның көмегі керек – ақ! Аяз атаны шақырайық! Мүмкін боранда адасып жүрген шығар!


Балалар:


  • Алақай, шақырсақ, шақырайық!

  • Қане, жабылып шақырайық!

  • Аяз Ата!

  • Аяз ата!


 


 


Ішке Аяз Ата және Аяз атаның қапшығын арқалап Барыс кіреді.


 


Аяз Ата:                              Боран ұлып, қар борап, Адастым мен орманда. Аш қасқырлар алды орап, Көп кідірдім сол маңда.


Бар ісімді өткеріп, Соқтым талай елдерге. Қиыншылық көп көріп, Әрең жеттім сендерге.


 


Балалар:


  • Аяз Ата, қош келдіңіз!

  • Аман – саусыз ба!


 


Жүргізуші:

Төрлетіңіз, Аяз Ата!


 


Аяз Ата:

Қарағым, Спандж Боб, сені де осы жерден таптым, жолым болды.Жыл – Барыс қой. Менімен келді. Кезектегі Қоянға тәжін беруі керек емес пе?


 


Жүргізуші:

Аяз Ата, қоянды орман қарақшысы зорлықпен алып қашып кетті. Батырлар кетті соңдарынан.


 


Аяз Ата:

Менің жүрген жерім той, мереке ғой. Бұл қарақшы мені де қатты ренжітті, ендеше. Сиқырлы таяғымның құдіретімен бәрін де орнына келтіремін. Сендер де қапа болмаңдар!


 


Аяз Ата (қызыл таяғын үрлеп):


Сиқырлы таяғым, Қоянға көмектес! Осында келсін!


 


Екі – рет қайталайды.


Кепшік, дабыл қағылып, музыка ойналады.


Залға Қоян, қарақшы, батырлар кіреді.


 


Аяз Ата:

Ойынды бүлдірмеуге ант етіп алып, артынша қарақшылығыңа қайта басқансың ба?


 


 


Қарақшы:

Ха –ха –ха! Ха –ха –ха! Бұл менің бабаларымнан жұққан қасиет қой. Қастандық жасамасақ, ішкен асымыз бойымызға тарамайды. Ха –ха – ха! Хи – хи – хи!


Аяз Ата қызыл таяғын аузына тақап, көзін жұмып, күбірлейді:


Қатырып таста мына қарақшыны


Қарақшы сол күлген күйінде қатып қалады.


Қарақшының шырмауынан құтылған Қоян Аяз Атаға жақындап келеді.


 


Қоян:

Аяз Ата, қарақшы бір білместік жасаған шығар, дегенмен ең көңілді сәтіміз ғой, оны кешіре салсақ қайтеді?


 


Аяз Ата таяғына әмір беріп,қарақшыны құрсаудан босатады.


 


Қарақшы (жыламсырап):

Балалар,кешіре көріңдер! Ағаттық жасадым. Сендердің мерекелеріңе бөгет жасамайын. Баратын жерлерім көп еді.


 


Қарақшы жаймен жылыстап, шығып кетеді.


 


Спандж Боб:

Балалар, Менің де бітірер шаруам бастан асып жатыр. Мен де кетейін. Қош, сау болыңдар!


 


Спандж Боб көңілді музыка әуенімен қоштасып, шығып кетеді.


 


Жүргізуші:

Оу, бұл не тұрыс! Аяз Атаға өнерімізді көрсетейік!


Балалар ән салып, би билейді.


Аяз Ата балаларға қапшығынан тәтті үлестіреді.


 


Аяз Ата:       Уақыт зырлап тұрмайды, ә?


Шешім керек мұндайда. Кешікті ғой Ақшақар, Сол немерем жүр қайда?


 


Асыққан соң сүрініп, Қалды ма екен жығылып. Кетті ме әлде адасып, Боран болса тұр ұлып!


 


 


Аяз Ата басын шайқап, мұңаяды.


Зал ішін қатқыл музыка кернейді. Тарсылдаған дыбыс шығады.


Көп ұзамай аңғал – саңғал болып қарақшы кіріп келеді. Қолындағы сандықшасын әрі–бері бұлаңдатып қояды.


 


Аяз Ата: Қолыңдағы сандықшаны тағы кімнен ұрладың?


 


Қарақшы:

Мен...мен ешкімнен де ұрлап алған жоқпын. Орман ішінде келе жатқанда тауып алдым. Тұтқасында байланған хаты бар. Оны оқитын менде сауат жоқ қой. Сендерге оқытайын деп алып келдім. Мүмкін маңызды нәрсе шығар.


Әй, қойшы соны. Жолымнан қалмайын.


 


Қарақшы қарқ – қарқ күліп, шығып кетеді.


Аяз Ата хатты ежіктеп оқып береді:


 


«Жаңа мені қарақшы ұстап алып, сандықшаға салып қойды. Жылы залдың ішінде еріп, кішірейіп барамын.Тезірек құтқарыңдар!


 


Хат иесі: Аяз ата немересі Ақшақар.»


 


Жүргізуші:

Ендеше неге тұрмыз? Тезірек сандықшаны ашайық!


 


Аяз Ата:

Сандықшаны анау мұз үйшіктің үстіне қойсақ, бәрі де орнына келеді. Қане, балалар, бір кісідей бірігіп дем үрлей


Балалардың бәрі қосылып үрлейді: Фу! Фу! Фу! Мұз үйшіктің арғы жағынан Ақшақар шыға келеді.


 


Ақшақар:

Сәлеметсіз бе, Аяз Ата! Сәлеметсіңдер ме, балалар!


 


Балалар қуана жамырап, жан – жақтан шулайды:


  • Қош келдіңіз, Ақшақар!

  • Аман – сау келдіңіз бе?

  • Біз көп уайымдадық!


 


Жүргізуші:

Балалар, Ақшақардың келу құрметіне өнерімізбен шашу шашалық!


 


Балалар Ақшақармен қол ұстасып, шыршаны айналып ән салады.


 


«Жаңа жылда» әні орындалады.


 


Аяз Ата:

Ал, балаларым, жоғымызды тауып, көңіліміз бірленіп қалды ғой. Өнерлеріңізді ортаға салып жатырсыздар. Маусымның жаманы жоқ, әрқайсы– сының өз қызығы бар. Қыстың орны ерекше ғой, шіркін!


Ал, балалар, жаңа жыл, қыс туралы тақпақ жаттап келдіңдер ме?


 


Балалар:


  • Иә, Аяз ата, иә.

  • Қазір айтамыз.


 


1-    бала:

Әппақ қар айнала, Ақ мамық қайда да. Құлаштап кете бер, Шаңғыңды байла да.


 


 


2-    бала:

 


Демейміз тоңамыз, Көңілді боламыз.


Алақай, балалар, Аққала соғамыз!


 


 


 


3-    бала:

 


Ауланы күрейміз, Асыр сап жүреміз. Тізеден қар кешкен, Ергежейлідейміз.


 


 


 


4-    бала:

 


Шығып ем үйімнен, Байқадым бүгін мен. Мұз сүңгі – люстра, Шатырға ілінген.


 


 


 


5-    бала:

 


Басыпты қар маңды, Күредім ауламды.


Көз сорып аппақ түс,


 


Таппадым тауларды.


 


 


6-    бала:

 


 


 



  • бала:


 


Аязды елеме, Дедім мен Зереге.


Әр үйде шырша тұр, Тоңа ма немене?


 


Қансонарда із – таңғы хат, Ақ парақты қар – кітап.


Бейне тағып алыпты, Күміс кірпік         – әр бұтақ.


 


 


 



  • бала:


 


 


 



  • бала:


 


 


 


Аяз Ата:


 


Аяз ата сәніміз, Шарықтайды әніміз. Қыдыр ата келгендей, Қуанамыз бәріміз.


 


Барар жерің жырақ па, Жауап берші сұраққа. Болсайшы сен Ақшақар, Бізбен бірге бір апта.


 


Ой, балаларым, жарайсыңдар! Тақпақтарың тамаша екен. Енді мен сендердің ата – аналарыңды ойынға шақырамын. Қане, ата – аналар,ойын ойнайық!


 


«Ұшты – ұшты» ойынын басталық.


Ұшты – ұшты шар ұшты, Ұшты – ұшты нар ұшты. т.б.


 


Ережесі: қолдарын дұрыс көтермеген ата – ана өнерін көрсетеді.


Ойын соңынан «вальс» ойналып, Аяз ата ата – аналармен билейді.


 


Барыс (ортаға шығады):

 


Мен Барыспын, Барыспын, Талай жанмен таныстым.


Ізгілікті құптадым, Жамандықпен алыстым.


 


Жалқауларға ермеңдер,


 


Алға құлаш сермеңдер. Барыс жылы – жақсы жыл, Деді баға бергендер.


 


Балалар, мен сендермен бір жыл тұрдым. Жақсылығымды аямадым. Көңілдеріңе саяладым. Енді мені басқа Жаңа жыл алмастырады.


 


Балалар арасынан Қоян ытқып шығады.


 


Қоян Барысқа қарап:

 


Әуелден ормандағы таныс аға, Менімен қай жүйрігің жарысады, ә? Кемел елді көркейттің арманың жоқ, Орыныңды бердің сен, Барыс аға.


 


Қалмастан өмір атты көштен аға, Ізгі ниет жандармен дос бол аға. Енді он екі жылдан соң табысамыз,


Жортқанда жолың болсын, қош бол, аға!


 


Қоян мен Барыс қол алысып, құшақтасады.


 


Барыс:

Қоянжан, балаларымды және басымдағы тәжімді саған тапсырамын.


 


Тәжін шешіп, Қоянға кигізеді.


Қоян:

Рахмет, Барыс аға!


 


Балалар:


  • Жолыңыз болсын!

  • Қош сау болыңыз!

  • Сіз көп жылдан кейін оралғанда, көп өзгерістер болады.

  • Онда біздердің есейгенімізді көресіз!


 


Жүргізуші:

Балалар, Барыс ағаға арнап ән салып берелік!


 


Ән орындалады.


Барыс:

Балалар, кездескенше! Аяз ата, Ақшақар, сау болыңыздар!


 


 


Аяз Ата:

Тоқтай тұр, Барыс! Екеуміз жолдас боламыз.


 


Қазақ деген халықпыз, Талай лаулап жаныппыз.


 


Кең далада


көсілген,


Еркін сайран салыппыз.


 


Тау, тас, теңіз, орман, бел, Сізге сәлем жолдайды ел. Қазақ деген халықпыз, Көңіліміз сондай кең.


 


Жаны – жомарт, жыр – нәрі, Көргенді қыз – ұлдары.


Қазақ деген халықпыз, Мәрт мінез,нар тұлғалы, –


 


дегендей ,сендер бақытты елдің ұрпақтарысыңдар! Ал, бақытқа жетер жол – оқу мен еңбек. Балалар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, біраз жасап қалдым. Мені әлемнің сандаған қалалары күтіп отыр. Асығыспын.


Сендерге Қоянымды қалдырып, Барысымды алып кетемін.Қош, сау болыңдар!


 


Ақшақар:

Балалар, мен де Аяз атамен бірге кетемін. Өйткені тағы да адасып жүрермін. Жаңа жылдарыңыз құүтты болсын!


 


Балалар:

Аяз ата, Ақшақар, Барыс аға! Жолдарыңыз болсын!


 


Балалар оларды көңілді әуенмен шығарып салады.


 


Жүргізуші:

Балалар, қане, мерекемізді әрі қарай жалғастырайық!


 


Балалар би билеп, ән салып, әртүрлі ойындар ойнайды.


 


Жаңа жылға арналған кеш осындай қызық думанмен аяқталады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу