Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.07.2022
346

ЖЫЛЫЖАЙДА
Көртышқандар бір-бірінің ізімен,
Өтіп жатыр лимондар арқылы.
Раушангүл орағының жүзінен
Шашырайды сынған шықтың жарқылы.
Айва біткен сағағынан үзіліп,
Шабындыққа жантаяды сарғайған.
Ергежейлі ат кісінейді кіжініп,
Мұның бәрі түсім шығар?..
Әй, қайдам?..
Мен өзіңе табынамын алданып,
Күрсінуге машықтандым тығылып.
Біраз нәрсе қалдым қазір аңғарып,
Мен білгенді жүрсің бе екен ұғынып?
Жанды баурап жұмақтағы үн жарқылы,
Жауды рахат тірілерге бір шөкім.
Дауылпаз бен нажағайдың тамтығы
Жылыжайдың тесіп өтіп тұр шетін.
Сені,
мені,
лимонды шарпыды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇