file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  19.07.2022
  2035


Автор: Баян Тіленшина

ҚАЙБАР КӨКЕМ 70-ТЕ

Уақыт-толқын қуалып бірін-бірі,
Адамның да өзгерді бүгін түрі.
Сырт-сырт еткен секундтың сиқырынан,
Сомдалады-ау өмірдің ғасыр, жылы.
5 жыл өтті арадан бөлінгелі,
5 жыл өтті - дидарың көрінбеді.
Қайнап жатқан өмірге ой тастайды,
Магидамен суретің төріңдегі.
Шешім таппай, айыр жол тоқтатқанда,
Көке, сені уақыт жоқтатқанда,
Қалай шешер еді деп жоқ іздейміз,
Өзің істің басында боп жатқанда.
Ұрпағыңа беріліп қасиетің,
Мәңгі жасап келеді өсиетің.
Озған өмір іздерін қастерлейтін,
Біз рухани толқынбыз бас иетін.
70-іңді біз бүгін тойласақ-шы,
Мұндай заман болар деп ойласақ-шы.
Әмір келсе Алладан, амал бар ма,
Амал болса құс-қанат байласақ-шы.
Ақкөңілім, ақылдым, алдаспаным,
Аңыз болды әр сөзің, әр дастаның,
Мәңгі тірі рухыңа тағзым етіп,
Ас береді ұл- қызың, жалғастарың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу