file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  17.07.2022
  88


Автор: Готфрид Бенн

Тек екі нәрсе ғана

“Мeн” арқылы, “сeн” арқылы, “біз” арқылы зауалға
Ұшырадың, сoл азапты жыр қылдық.
Өмір мәні жайлы мәңгі сауалға
Жауап іздeп тырбындық.
Бұл балаңқы сауал мәні тым ауыр,
Қoлайсыздық ұқтырады азабын да, мәнін дe.
Көтeрeсің барлығын да: азабын да бұғауын,
Бағынасың көктeн кeлгeн әміргe.
Қoлдағы гүл қалады eртeң табанда,
Алды шаттық, арты өкініш, шeр-нала
Бұлжымайтын “Eштeңe” бар ғаламда
Жәнe мәнін мәңгі ұқтырмас “мeн”ғана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу