Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  130


Автор: Ақылбек Шаяхмет

О, Жаратқан!

О, Жаратқан!
Әр пенденің ниеті
Бір өзіңе белгілі.
Өскен адам көз еті
Құбылады жел күні.
Қыс қызығын көп көріп,
Күн жылынса – ұнатпай,
Қазы-қарта жеп келіп,
Сырғанайды сынаптай.
Үлде менен бүлдеге
Жүре алмайды малынбай.
Су тигенде денеге,
Көпіршиді сабындай.
Бітіргендей істі көп,
Алақанға қарайды.
«Қанша пайда түсті?» – деп
Саусақтарын санайды.
Алып жатқан сыйлығы
Таусылмайтын мың күнде,
Сол пенденің пиғылы
Өзгеруі мүмкін бе?!
О, Жаратқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Зульфия
Зульфия 20.11.2024 20:12
Ана деген біздің өміріміз
Жанат Зульфия
Жанат Зульфия 20.11.2024 20:11
Х

Пікір жазу