Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
132

Кіріс болып кілең ісің...
Кіріс болып кілең ісің,
Өрекпідің өзім десең,
Бақыт құнын білемісің,
Қасіретті сезінбесең.
Елдің мұңы саған батса,
Өкпең өшіп жүгірмес ең,
Ит құйрығын бұлғандатса,
Жылмаңдаттың тіліңді сен.
Бастан күнә өтті мың сан,
Құлшылықтан безінбе сен,
Өткенді ойлап, тәуба қылсаң,
Түні бойы көз ілмес ең.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇