Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.07.2022
536

Қилы-қилы заман болды...
Қилы-қилы заман болды,
Жұрт көңілі алаң болды,
Асқа салып арам қолды,
Халал тағам харам болды.
Қайың ағаш тәтті болды,
Алма ағашы қатты болды,
Алдампаздың, жағымпаздың
Әрекеті сәтті болды.
Бастық болып тоқпақ келді,
Әкім болып батпақ келді,
Ақын болып шатпақ келді,
Қатын болып бетпақ келді.
Қаз орнына үйрек келді,
Қазы орнына бүйрек келді.
Үлгі алғандар шетте қалып,
Сардар қылды сүйретпені.
Адал адам арам болды,
Сауаптыға обал болды,
Бітпеген іс тәмәм болды,
Қилы-қилы заман болды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇