Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  89


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жер шары бізді көтеріп тұр ма...

Жер шары бізді көтеріп тұр ма,
Тұрмыз ба ұстап жерді біз?!
Ғажайып, тылсым сыр жатыр мұнда,
Шешуі әлі белгісіз.
Бақыттың досы, сірә, бұл қайғы,
Бұлақтар болмай теңіз жоқ.
Күлген кісілер еш жыламайды
Деуге де берік негіз жоқ.
Бас болды дейміз еркекті біздер,
Күн бар ма, бірақ, әйелсіз?!
Өмірдің мәні – бір бірін іздеу,
Болмайды адам тәуелсіз.
Күн менен түннің жазылмас жұбы,
Серігі кештің таң атқан.
Астары жаздың – тірліктің күзі,
Теңі жоқ жалғыз Жаратқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу