Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  96


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Дертім жайылып...

Дертім жайылып,
Болсам жаралы,
Алдым айырып
Ақ пен қараны.
Күнәм көп дедім,
Көзге жас тұнды.
Асты шектедім,
Тидым нәпсімді.
Еркін елдегі
Берік сенім кеп,
Тәнім жердегі
Қалды жеңілдеп.
Жаным көктегі
Аңсап құрманы,
Тағы көктеді
Асыл жыр дәні.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу