Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  90


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қазағымның ежелден

Қазағымның ежелден
Аты айналған аңызға,
Домбырада – күлкісі,
Қасіреті – қобызда.
Бәрін айтсақ біз енді,
Өнері де өте көп.
Шіренгені – үзеңгі,
Түрленгені – текемет.
Ақ киізді төсеуге
Отауы да татиды, ә?!
Күйгендігі – көсеуде,
Сүйгендігі – сақина.
Жүрген жері салтанат,
Ол кірмеген майдан аз.
Шалқайғаны – шаңырақ,
Еңкейгені – жайнамаз.
Бала кезден түсінген,
Тиек салмай есікке,
Өз есебі – ішіңде,
Келешегі – бесікте.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу