Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  112


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бірде достың, бірде қаскөй дұшпанның...

Бірде достың, бірде қаскөй дұшпанның,
Көресің сен ажал қолын қысқанын.
Сезбейсің тек қашан, қалай, қай жаққа,
Шыбын жаны кеудесінен ұшқанын.
Сол шыбын жан, бәлкім титтей кеудеде,
Шырқырайды жақсы адамдар өлгенде.
Оның неге болғандығын шерменде,
Аңғармайды тек надандар көр-кеуде.
Сол шыбын жан ойнап тұрған қанымда,
Қалар қорғап адалдардың арын да.
Жақсылыққа шырылдаса шыбын жан,
Сүріп қалғын дәуреніңді барыңда.
Ұзақ жолда арып-ашып жол шегер,
Тәнім қынап, жаным қылыш болса егер,
Сілте мені Әзәзілге арбаушы,
Жарылқаушым – Жаратушым ең шебер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу