Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
156

Баласына берілсе араб аты...
Баласына берілсе араб аты,
Тисін деген шығар-ау шарапаты.
Есімдердің өзі де елжіретсе,
Бұл да болса Құранның ғаламаты.
Тыңдап өсіп имамның уағыздарын,
Өтеп жүрсе құлшылық парыздарын,
Үміт қылып баладан тәлім алған,
Білген шығар Аллаға қарыздарын.
Түсінген соң аяттың мағынасын,
Жаратқанның еркіне бағынасың.
Тек сол ғана төгіліп келген нұрдай
Жүректерге құяды шұғыласын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇