Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  98


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бар тілекті айтсақ біздер тілменен...

Бар тілекті айтсақ біздер тілменен,
Ат қоямыз бұйымға да білмеген.
Құлын-тайлар кісінесе шұрқырап,
Сақаулар да ұғысады ымменен.
Бар тілекті айтсақ біздер сөзбенен,
Жетіп жүрміз нысанаға көздеген.
Адамдар бар – ықыласын досына
Сөйлемей-ақ, көрсететін көзбенен.
Біреу зорды басып тұрса мыспенен,
Тіл ашпай ма еріндерді тістеген?
Адамдар бар – жақсылығын кісіге,
Сөйлемей-ақ, көрсететін іспенен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу