Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  89


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жаратса да жауырынын бүкір қып...

Жаратса да жауырынын бүкір қып,
Аз емес қой жүрген жандар шүкір қып.
Маңырайды ақсақ қозы секілді
Енесінен қалып қойған бұл тірлік.
Көздері ашық, көңілі соқыр пенделік
Жер бетінде адасып жүр сенделіп.
Шайтан кіріп, алжастырған дертінен
Шыққандар аз құлан-таза емделіп.
Әрбір жолдың табылғандай ұйқасы,
Әрбір дерттің болады екен шипасы.
Бірақ, соны түсінбейді көп адам,
Әбден тозып, шыққанша ұйпа-тұйпасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу