Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  94


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жаратқанның жарлығы бұлжымайды...

Жаратқанның жарлығы бұлжымайды,
Тұр ғой көріп – кім күліп, кім жылайды?!
Сылдырласа естиді қазан-аяқ.
Кемшілікті кездескен бірлі-жарым
Жасырсаң да біледі оның бәрін,
Жамандығың болса да тозаңдай-ақ.
Білген дұрыс – күнә не, жаза қайсы?
Жүрегіңнің түкпірін тазалайсың,
Болса жақын жаныңа азан, аят.
Пәле-жала, айтылған өсек қалып,
Игі ісіңді қояды ол есепке алып,
Жақсылығың болса да тозаңдай-ақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу