file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  177


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ҰСТАЗ

І.
Жақсылыққа қанатын жайған Дарын,
Екі әлемнің көрсеткен сайран бағын.
Өнегесін өмірдің айшықтапты,
Мұхаммет саллалаху пайғамбарым.
Жер бетіне Мұстафа шырақ болған,
Бақыт еді пендеге бір-ақ қонған.
Тақуалық, пәктіктің шырқау шыңы,
Оның жолын ұстансаң – тұрақ, қорған.
Махмут дедік мақтаулы Ахметті,
Түсіндірген фәни мен ахиретті.
Бір Аллаһқа сыйын деп мінәжатпен
Ұрпағына адамның ақыл етті...
Адасқанның қор болып күйген мыңы,
Алдап соққан кеңірдек күйбең күні.
Түнек басқан ғаламды күн боп түрді,
Сақтандырған Алланың сүйген құлы.
ІІ.
Адамзатты туралыққа бастаған,
Аллаһ – жалғыз, ортақ бір ой тастаған.
Құран сөзін құдіретті үйреткен,
Саллалаху ғалейкүм уассәлләм.
Жайылғанда жендеттікпен кемшілік,
Қыз ұятсыз болған кезде, ер – шірік.
Инсандарға ұстаз болып сен келдің,
Бір өзіңе жүктелді де елшілік.
Ібіліспен жалғастырған күресін,
«Хақ Мұхаммет», – қайталанбас нұр есім.
Жиырма үш жыл өсиет қып қалдырды,
Періштенің алып келген сүресін.
Кішіпейіл жан аспаған да саспаған,
Адамзатты Алла алдына бастаған.
О, Мұхаммет, жүрегімде Сен тұрсың,
Саллалаху ғалейкүм уассәлләм!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу