file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  133


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Аллаһтан тілеп арманды..

Аллаһтан тілеп арманды,
Жеткізе гөр деп жалындым.
Өзіне бұрған арнамды,
Тоғаны еттім жанымның.
Басайын дедім сусаған,
Қандырып қаңсу шөлімді.
Жайқалтсын дедім қу-сабан,
Жапырағым мен шөбімді.
Келтірдің келіс, себебін,
Өмірдің мәнін, өрнегін.
Айрылсам сенен семемін,
Сөзіңмен, Аллаһ, өрледім.
Тілегін беріп шын сенген,
Құлыңа қуат енші еттің.
Ризық, несіп, Күлшеңмен,
Адалдық жолын көрсеттің.
Тәніммен тағзым етемін,
Жүрегім жылап, жүгінер.
Иманның қалап жетегін,
Жамалға жаным жүгірер!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу