file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  120


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ҚОСАМЫН БӘЙГЕЛЕРГЕ ӨЗІМДІ-ӨЗІМ...

Бітпейді тіршіліктің бейнеті мол,
Қамшыдай жон арқамды кейде тілер.
Көргенім көкірекке сәуле беріп,
Біртіндеп көшеттердей ой жетілер.
Табылар жолын қусам іздегенім,
Қамбама дән боп толар күздегі егін.
Бір ауық ойланамын оңашада,
Шынымен не күтеді бізден елім?!
Көп жорттым Халқым сенің көмекшің боп,
Ел үшін тер төккенге не жетсін деп.
Өзімді-өзім тауып әкелмесем,
Келмейді маған ешкім керексің деп.
Пенденің тағдыры бар дара сызған,
Көнемін түскен іске шарасыздан.
Құрдымға кетер болсам, құрысын деп,
Табыла қояр ма екен жанашыр жан?!
Аршимын тас-құмдардан сезім көзін,
Осы деп отан үшін төзім, кезім…
Басымнан сипамайды бармысың деп,
Қосамын бәйгелерге өзімді-өзім…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу