file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  140


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ШЕКСІЗДІКТІ ІЗДЕУ

Аспан түбі болмаған, шектелмеген,
Жетпес ешкім жол-сапар шеккенменен.
Мәнін әлі білген жоқ мәңгіліктің,
Бұл адамзат өзінше тексергенмен…
Өткісі бар айналып шын жауаптан,
Пенделіктің жемтігі шырғалатқан.
Тағдыр сыйын тартқанды тани алмай,
Нәпсі жеңіп, құрдымға сырғанатқан.
Жаратқанын сездің бе жарықты кім?
Тұйығы жоқ, шеті жоқ, анық білдім.
Айдан асып, арманым орындалмай,
…Емес пе екен ол менің ғарыптығым?!
Шексіздікке ұқсатқан қиялымды,
Мұғжиза етіп жалғаған тұяғымды.
«Ием менің, қайдасың?» – дегендерге,
Құпиясын Жаратқан құя білді…
Өз иесін – Аллаһын іздегенге,
Беріпті мол күдерін үзбегенге.
«Бисмилла» – деп қолыма қалам алам,
Жолықсам деп өлмейтін ізгі өлеңге.
Бейшарамыз жүрген сол сенделіп бір,
Бетімізде бес елі пенделік кір.
Жүйесімен жүйткітіп жер мен көкті,
Неткен ұлы құдірет меңгеріп тұр…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу