Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.07.2022
175

Нәпсімменен алыстым...
Нәпсімменен алыстым,
Келгенімше қырыққа.
Қанағатым алыс тым,
Қызықпа, басым құнықпа!
Өзімді-өзім тәртіпті
Ете алмадым неткен мұң!
Қызық – құйын қалқытты,
Жар басына жеткен күн.
Сыртым түзу әрине,
Оғаш қылық етпедім.
Ұнасам да пәниге,
Жүрегім кір көп менің.
Бақи жақты ойласам,
Дір-дір етем қалшылдап.
Нәпсім, сені жоймасам,
Кір жан қалай аршылмақ?!
Өтсем-дағы жоламай,
Жамандық пен ішімге,
Дерт бар бойда, обадай,
Барлық пәле ішімде…
Ендігәрі болмасын,
Тоқылдауық тәубесі.
Сабыр болсын жолдасым,
Түссін иман сәулесі!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇