file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  109


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ЖҮРЕГІҢДЕ КІР БАР ЕКЕН КҮҢГІРТТЕУ

«Діннен өлең бұрын болған» – дейсіз бе?
Шайтан түртіп миға түсті ой сізге.
Әсершілдік қателікке жетелеп,
Басыңыздың қамын ғана жейсіз бе?!
Періштеге құлақ түрсең сабырмен,
Адаспаған болар едің сағыммен.
Жүрегіңде кір бар екен күңгірттеу,
Кетірген жөн «Иман» деген – сабынмен.
Аллаһ бізді хақ дін үшін сомдаған,
Бірінші сөз – «Аллаһ жалғыз» жолдаған.
Сөйте тұра шайтанға ерген бабамыз,
Сынаққа қап, жерге түсіп сорлаған.
Сізге сөйлеп сөз қадірін төкпейін,
«Кешірші» деп Жаратқанға кетті ойым.
– Кім бірінші?
– Дін бірінші! – Алла айтқан.
Өлең деген... Өлең деген көп кейін




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу