file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  115


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Заманға мынау қарашы!

Заманға мынау қарашы!
Әке мен бала жауласқан,
Қатын мен байы дауласқан,
Көрініп тұрған байлығы,
Алдырмай ары тауды асқан.
Заманға мынау қарашы!
Үйіне қонбай қыз кеткен,
Алаң ғып, артын іздеткен,
Мазасыз күндер мандытпай,
Көктемін көрмей күз жеткен.
Заманға мынау қарашы!
Аңдысқан туыс есеппен,
Өрт шығып жанған өсектен,
Көшеден іздеп көп қызық,
Үріккен арсыз төсектен.
Заманға мынау қарашы!
Шығыс пен батыс тірескен,
Бірі өшкен тағы бірі өскен,
Жылуы қашып жаздың да,
Бөктердің қары сірескен.
Заманға мынау қарашы!
Алынбай жүрген нар ұлдан,
Үн шығармай дарыннан,
Әкімсымақ әлдінің,
Қамы жоқ басқа қарыннан.
Заманға мынау қарашы!
Асыр салмай тай-құнан,
Қырғын тапқан бай бұғы, аң,
Далам жатыр дел-сал боп,
Дәстүрінен айныған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу